Түркияның Анталия қаласында 40-шы Балқан математикалық олимпиадасы аяқталды. Оған Балқан түбегінің 22 елінен және басқа да мемлекеттерден 130-дан астам оқушы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан намысын қорғаған 6 оқушы медальға ие болды.
Олар:
Байшуақ Райымбек – Алматы қ. Республикалық физика-математикалық мектебінің 11 сынып оқушысы; Мирон Юркевич - Алматы қ. Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы; Жан Дәуітов – Қостанай облысы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы; Марғұлан Шарел – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы; Мұхаммед Нағашыбек – Астана қ. «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы; Владимир Роговский – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.Айта кетейік, 40-шы Балқан математикалық олимпиадасының мақсаты – математика пәнінен дарынды оқушыларды ынталандыру және дамыту, қатысушы елдер арасында мектеп бағдарламалары мен тәжірибелері туралы ақпарат алмасу үшін ыңғайлы мүмкіндіктер жасау.