• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Мәдениет 15 Мамыр, 2023

Айтысқа бөлінетін қаржы одаққа толық жетпейді – Ринат Зайытов

551 рет
көрсетілді

Қазақ халқы үшін айтыс өнерінің орны әрқашан да ерекше болған. Мемлекет қаржысынан ара-тұра ұйымдастырылатын айтыстар болмаса, еліміз тәуелсіздік алғалы бері айтыс өнері мемлекеттен мардымды қолдау көрді деп айту қиын. Осы орайда Аманат партиясы фракциясының мүшесі Ринат Зайытов Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа айтыс өнерін қолдау жөнінде депутаттық салау жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Уақыттың сынақтарына қарамастан, айтыс өнері бүгінгі күнге дейін қазақ халқының махаббаты мен демеуінің арқасында, сонымен қатар айтыс жанашыры Жүрсін Ерманның 40 жылдық бейнетті, табанды еңбегінің арқасында жоғалып кетпей жетті. Тіпті 2022 жылдың 1 тамызында Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағы құрылған еді. Қазіргі таңда одақ мүшелігінде 250-ге тарта айтыскер мен жыршы-термеші бар. Одақ құрылғаннан бері 110 халықаралық және республикалық, 100-ден астам облыстық пен аудандық айтыс өтті. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің көмегімен 5 рет республикалық жыршы-термешілер байқауы ұйымдастырылған болатын. Алайда мұндай зор іс-шараларды жүзеге асырып отырған одақтың әлі күнге дейін бір тұрақты ғимаратының жоқтығы өкінішті-ақ. Мемлекет тарапынан айтысқа бөлінетін қаржы да одаққа белгісіз себептермен толық жетпейді», деді Мәжіліс депутаты.

Осы орайда Ринат Зайытов айтыс өнеріне жаңа дем беру мақсатында келесі ұсыныс білдірді:

Қазақстанның айтыс-ақындары мен жыршы-термешілер одағына Алматы қаласынан тұрақты ғимарат қарастыру; Мәдениет министрлігі тарапынан айтыс өнерін жүйелі қаржыландырып отыру.

 

Аружан НАҒАШЫБАЙ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті