• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Мамыр, 2023

Жұптық сындағы жеңімпаз

375 рет
көрсетілді

Мажарстанның Сегед қаласында ұйымдастырылған байдарка мен каноэде ескек есуден Әлем кубогінде еліміздің спортшылары екі алтын медаль жеңіп алды.

Спортты дамыту дирекция­сының мәліметі бо­йынша, жарыс­тың соңғы кү­нінде Сергей Еме­льянов пен Ру­фина Искакова (C2 mix) жұптық сында 500 метрге жарысып, мәреге бірінші болып жетті. Отандық жұп каноэде бұл қашықтықты 1:51.97 секундта жүзіп өтті. Кейінгі орындарды Польша мен Мажарстан құрамасының спортшылары иеленді. Жұптық сынның финалында тағы бір жерлестеріміз өнер көрсетіп, жүлдеге сынық сүйем жетпей, 4-сатыда қалып қойды. Тимофей Емельянов пен Маргарита Торлопова финалда 1:53.62 секунд нәтиже көрсетті.

Осының алдында Мария Бровкова 1000 метрге жарыста алдына жан салмаған еді. Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем ку­богінде 2 алтын медаль олжалап, жалпы­командалық есепте 8-орын алды.