• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 16 Мамыр, 2023

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 25 трлн теңгеден асты

306 рет
көрсетілді

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өткен жылы тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасын атады. Ведомство басшысының айтуынша, 2023 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанның мемлекеттік қарызы 25,3 трлн теңгені құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс отырысы барысында ведомство басшысы 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат ұсынды.

«Жоғары аудиторлық палатаның және тексеру комиссияларының аудиторлық іс-шараларын есепке алмағанда 2022 жылы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 217 млрд теңгені немесе шығыстардың жалпы көлемінің 1,2%-ын құрады. Бюджет қаражатын тиімді және толық игеру үшін әкімшілердің жауапкершілігін арттыру үшін шаралар қабылданды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша орталық және әкімдіктердің 113 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 82 адам басшылық қызметтерді атқарады», деді ол.

Жалпы, оның айтуынша, бюджет түсімдері 102,1%-ға орындалып, 16 трлн 142 млрд теңгені құрады. Бұл ретте шығыстар 18 трлн 532 млрд теңгеге немесе 98,6%-ға орындалды. Ал бюджет тапшылығы 2 трлн 391 млрд теңгені немесе ІЖӨ-ге 2,4%-ды құрады.

«Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 25,3 трлн теңгені немесе ІЖӨ-ге 24,9%-ды құрады. Оның ішінде үкіметтік борыш ІЖӨ-ге 21,7% немесе 22 трлн теңгені құрады», деп қосты Ерұлан Жамаубаев.