Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі Тәжікстанда жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жер сілкінісі Алматы уақытымен сағат 17:07-де тіркелген.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 772 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.4. MPV магнитудасы – 4.6. Эпицентр координаттары – 37.46° с.е. 71.80° ш.б. Тереңдігі – 20 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы ақпарат жоқ.