• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Футбол 17 Мамыр, 2023

«Барселона» Мессиге келісімшарт ұсынды

303 рет
көрсетілді

«Барселона» футбол клубы Лионель Мессиге келісімшарт ұсынғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барселона» футбол клубының өкілдері танымал футболшы Мессиді командаға қайтару бойынша келісім жасалып жатқанын мәлімдеді.

Diario Sport хабарлағандай, Аргентина футболшысына бір жыл мерзімге келісімшарт ұсынылып, жалақы мөлшері 25 миллион еуроға белгіленген.

Бұл ұсыныс Мессиге біраз уақыт бұрын жіберілген екен. Алайда футболшы әлі нақты жауап бермеген көрінеді. Бұл ретте клуб өкілдері аты аңызға айналған футболшы ұсынысты қайтсе де қабылдайтынына сенім білдірді.