• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Шілде, 2014

Көңіл айту жеделхатын жолдады

220 рет
көрсетілді

Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Мәскеу метрополитенінде болған пойыз апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Жеделхатта Мәскеу метросындағы пойыз апаты салдарынан адамдардың қазаға ұшырағаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. «Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына шын көңілден көңіл айтамын, сондай-ақ, апаттан зардап шеккендер тезірек сауығып кетеді деп үміттенемін», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас Ресей халқына қайғылы оқиғаны көтеру үшін төзім мен сабыр тіледі.