• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Мамыр, 2023

Мәреге үшінші жетті

262 рет
көрсетілді

Италия тасжолдарында өтіп жатқан вело­спорттан «Джиро д’Италия» көп­күндігінің кезекті жарыс күні өз мәре­сіне жетті.

Камайоре мен Тортона қалаларын жалғаған 11-кезеңде жеңімпаз бен жүлдегерлер жаппай спринтерлік сайыста анықталды.

219 шақырымға созылған жарыс жолын 5 са­ғат 9 минут 2 секундта жүріп өткен 29 жас­тағы германиялық велошабандоз Паскаль Аккер­ман («UAE Team Emirates») кезең жеңім­пазы атанды. Сондай-ақ Аккерманмен бірге мәре сызығын кескен италиялық Джонатан Милан («Bahrain Victorious») екінші орынға ие болса, «Астана» велоклубының үздігі Марк Кавендиш мәреге үшінші жетті.

Ал жалпы есепте 2018 жылғы «Тур де Франс» додасының жеңімпазы ұлыбри­таниялық Герайнт Томас («INEOS Grenadiers») көш басында келеді. 36 жастағы велошабандоздың уақыт көрсеткіші – 44 сағат 35 минут 35 секунд. Томастан небәрі екі секундқа қалып келе жатқан «Jumbo-Visma» өкілі Примож Роглич – екінші, Жуан Алмейда («UAE Team Emirates») үшінші сатыға жайғасқан. Ол көшбасшыдан 22 секундқа қалып тұр. «Астана» өкілі Симоне Веласко 15-орынға көтерілді.