• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Отбасы 18 Мамыр, 2023

Аялы алақан мекені

386 рет
көрсетілді

Таразда халықаралық отбасы күні аясында «Отбасы – аялы алақан мекені» атты ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Сән салтанаты жарасқан іс-шараға қазыналы қарттар мен ақ жаулықты аналардан бастап, жас отбасылар, балдырғандар белсенді түрде атсалысты.

Жалпы, еңбек өтілі екі ға­сыр­дан асатын дәрігерлер әу­леті Умаровтар, азаматтық қор­­ғау органының өкілдері Ақ­­­с­а­қаловтар және ұстаздар отба­сы Аришевтер де мерекелік іс-ша­рада белсенділік танытты.

«Әкеміз салған жолды біз де таңдағанбыз. Бүгінде ден­саулық сақтау саласында әлі күнге жемісті еңбек атқарып жүр­міз. Інілерім, сіңілілерім де ақхалатты абзал жандар. Сала­дағы тәжірибем отыз жылдан асты. Әрине кез келген отбасы бақытты болуы үшін ең алдымен денсаулық мықты болуы қажет. Сондықтан Отаны­мыздағы әрбір отбасына ден­саулық тілеймін», дейді жоғары санатты дәрігер, кардиолог Гаухар Умарова.

Бұл күні «Отбасы ағашы» республикалық акциясы аясында орталық саябаққа тал-дарақ отырғызылды.

Іс-шараға белсене қатысқан «Мерейлі отбасы-2022» ұлт­тық байқауының облыстық ке­зеңінің жеңімпазы, жетімдер үйінен 16 ұл-қызды асырап алып, бауырына басқан Сапура Ер­жанқызы жас отбасыларға ізгі тілегін арнады.

Мерекелік іс-шара спорттық жарыспен жалғасын тапты. Сондай-ақ бүлдіршіндер өз отбасыларының суретін са­лып, топқа түсті. Оларға 500-ден аса тегін балмұздақ үлес­тірілді. Салтанатты іс-шара соңы кон­церттік бағдарламамен қо­ры­тындыланды.

«Отбасы – біз үшін қай кезде де ең қастерлі ұғым. Бү­гін жарым Мадина Шаки­рова екеуміз айтулы датаны алғаш рет мерекелеп отырмыз. Жас отбасылар үшін ұйым­дастырылған интеллектуалды ойындарға белсенді түрде қатыстық. Ойын барысында отбасы құндылықтарына қа­тыс­ты қызықты сауалдар мен тап­сырмалар берілді. Үл­кен­дер­дің батасын алып, мар­қайып қалдық. Құдай бізді со­­­лар­дың жасына жеткізсін», дейді жас шаңырақтың иесі Нұр­­­мұхаммед Сейітов.

 

Жамбыл облысы