«Казгидромет» РМК синоптиктері 20-22 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды: жаңбыр, найзағай, оңтүстік өңірлерде бұршақ сақталады.
20 мамырда батыста, солтүстік-батыста, орталықта және оңтүстікте, 20-22 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болжанып отыр. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, республиканың оңтүстігінде дауыл болжанады.
Қазақстан бойынша температуралық фонның жоғарылауы күтіледі. Түнгі уақыттарда солтүстік-батыс және солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.