Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығында Арнайы мақсаттағы бөлімшелері мергендер жұбының «Алтын үкі – 2014» халықаралық жарысы басталды. Қазақстанда жыл сайын өткізілетін бұл шараға биыл Ресей, Ұлыбритания, Иордания, Қытай, Пәкістан және АҚШ Қарулы Күштерінің мергендер жұбы қатысып отыр.
«Алтын үкі – 2014» халықаралық жарысын ашқан генерал-майор Олег Бижанов: «әрбір қатысушының өз құпиялары мен атыс әдістері бар. Сондай-ақ, биылғы жарыстар барысында «осында бесінші рет өткізіліп отырған мергендер өнерінің Ортаазиялық форумында барлық қатысушылардың өз шеберліктерін арттыруға мүмкіндік беретін тәжірибе алмасу бойынша үлкен жұмыстар атқарылды», – деп атап өтті.
Спасскіде өтетін мергендер жұбының жарысында 38 үздік мерген өз шеберліктерін паш ететін болады. Жарыс 4 кезеңнен тұрады. Әрбір барлаушыға дене және атыс дайындықтары деңгейін сынайтын 16 жаттығуды орындауға тура келеді.
«Егемен-ақпарат».