Қазақстан-Ресей шекарасында зергерлік заттарды заңсыз өткізбек болған күдікті әйелдің жолы кесілді. Бұл оқиға «Жайсаң» бекетінде орын алды. Онда Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Жайсаң» (теміржол) бекетінің бақылаушылары «Ташкент – Мәскеу» пойызын тексеру кезінде Өзбекстан азаматшасының қол жүгінде жасырылған зергерлік заттарды анықтады. Оның салмағы 800 грамм болып шықты. Ұсталған азаматшаның сөзіне қарағанда, зергерлік заттарды Әндіжан қаласынан алып, Ресей жерінде сатуға әкетіп бара жатыр екен. Бұл заңсыз заттар Кеден комитетінің Ақтөбе облыстық департаментіне өткізілді. Енді тергеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.