• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Мамыр, 2023

Түркістан облысында 20 адам суға батып кеткен

358 рет
көрсетілді

Түркістан облысында шомылу маусымы басталмай жатып 20 адам суға кеткен. Ажал құшқандардың 15-і - кәмелет жасына толмаған балалар, деп хабарлайды Egemen.kz «Qazaqstan» ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті 15 баланың барлығы дерлік ата-ана назарынан тыс суға түскенде жазатайым оқиғаның құрбаны болғанын айтады.

Айта кетсек, шомылу маусымы ашылар алдында әр өңірде шомылуға арналған арнайы орындар жабдықталады. Ол жерлер арнайы құтқарушылармен қамтамасыз етіледі.

Еске сала кетсек, өткен жылы облыста 37 адам суға батса, оның 29-ы балалар болған.