• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Мамыр, 2023

Медведевтің мерейі үстем

298 рет
көрсетілді

Италияның астанасы – Римде өткен АТР турнирі Ресей теннисшісі Даниил Медведевтің жеңісімен аяқталды.

Осыған дейін де Даниил көптеген жарыс­та өрелі өнерімен көзге түскен. Атап айтсақ, Аустралияның ашық біріншілігінде (2021, 2022 жылдары) екі рет финалға дейін жетсе, US Open додасында (2021) дара шықты. 2020 жылы Қорытынды турнирде топ жарды. Дэвис (2021) және АТР (2021) кубоктерін ұтты. Барлығы аса ірі халық­аралық додаларда 20 реттен аса жеңіс тойын тойлады. Осындай зор нәтижелерінің арқа­сында былтыр әлемдік рейтингте көш бас­тады.

Римдегі жүлде қоры 7 705 780 еуроны құраған турнирде де Медведев керемет өнер көрсетті. Бас­тапқы бәсекелерде Эмиль Руусувуори (Финляндия), Барнабе Са­пата-Миралес (Испания) және Александр Зверевті (Германия) ұтса, ширек финалда Янни Ханфманды (Германия) жеңді. Жартылай финалда Стефанос Циципасты (Грекия) жолынан ығыстырған ол финалда Хольгер Рунеден (Дания) басым түсті.

Естеріңізге сала кетейік, әйелдер арасын­дағы жарыс Қазақстанның теннисшісі Елена Рыбакинаның пайдасына шешілген еді.