• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Мамыр, 2023

Қазақ әні корей көгінде әуеледі

365 рет
көрсетілді

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында ашық аспан астындағы сахнада қазақтың әні мен биі орындалды. Іс-шара халықаралық мәдени фестиваль аясында өтті.

Пусан тұрғындары 20-дан астам елдің өкілдері қатысқан іс-ша­раға ерек­ше қызығушылық танытты. Ұйым­дастырушылар жағы Қазақ­станға құрмет білдіріп, төрінен орын берді. Жергілікті тұрғын­дар қазақтың кәдесыйлары мен кітап­тарын сатып алып, ұлттық тағам­дарымыздан дәм татты. Жәр­меңкеде Қазақстан делега­циясы 5 шатырға орналасып, Корея­дағы жалғыз қазақ дәм­ханасы жер­гілікті тұрғындарға көже мен құрт ұсынды.

Қазақ диаспорасының өкілдері мен «Арлан Жете» театрының әр­тіс­тері танымал қазақстандық ди­зай­нерлердің ұлттық киімдерін киіп сахнаға шықты. Кореядағы «Но­­мад» қазақтар қауымдастығы ди­рек­торының орынбасары Балнұр Айт­баева татулық туы туралы баян етті.

«Пусан қаласы мен Алматы қа­ласы арасында татуластық пен бір­­лестік келісімі бар. Биыл осы мақ­сатта бірінші рет ұлттық Наурыз тойын ұйымдастырған болатынбыз. Қазақ өнерпаздарының Кореяға ке­луінің тағы бір себебі – мамыр айында Қазақстанның Пусандағы бас консулдығының ашылғанына 1 жыл толып отыр», деді ол.

«Кореяда өзіміздің қазақстандық 30 мыңнан астам адам тұрады. Солардың мүдделерін қорғау үшін Сеул­ге көптеген жұмыскер ке­летін болды. Бір жылдың ішінде біз қазақ­тарға 150 туу туралы куә­лік беріп, 50 шақты неке қидық. Со­ны­мен қатар Қазақстанның 200-ге жуық аза­матына паспорт бердік. Биыл қыр­күйек айында Алматы мен Пу­сан арасындағы мәдени және экономи­калық ынтымақтастық туралы мемо­рандумға қол қойыл­ғанына 1 жыл толады. Сон­дықтан күзде Пусанда алма­ты­­лықтардың тағы бір кон­церті өтеді», деді елі­міздің Пу­сан қа­­ла­сындағы бас консулы Аян Қашабаев.