• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қаржы 24 Мамыр, 2023

Доллар бағамы қайта өсті

545 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 444,44 теңгені құрап, 2,68 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы да өсіп, 62,70 теңгені (+0,16) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 476,15 теңгеге, рубльді 5,51 теңге белгілеген.

Айырбастау пункттерінде долларды 444-448 теңгеден, еуроны – 477-484 теңгеден, ресей рублін – 5,5-5,62 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар, нарықта әлемдік мұнай бағасы да өсті.

Мәселен, ICE Futures электрондық сауда-саттығында Brent-тегі шілде фьючерстерінің құны 1,55%-ға, барреліне 78,03 долларға дейін өсті.

NYMEX электронды сауда-саттығында WTI мұнай фьючерстері шілде айында 1,84%-ға қымбаттап, барреліне 74,25 долларға жетті.