• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Шілде, 2014

Ықпалдасудан ұтарымыз көп

316 рет
көрсетілді

Еуразиялық экономикалық одақ шартына қол қойылуы Елбасының алысты болжай білетін көреген саясаткерлігін тағы бір дәлелдеді. Қашанда ілгері күнге деген үмітті қадаммен қимылдайтын Мем­лекет басшысы Н.Назарбаев бастама­сының баяндылығына әлем иланды. Осыншалықты ауқымды істің іргетасы берік қаланғанын тағы бір мойындады деу орынды болмақ. Бұл біздің бойымызда ертеңгі күнге деген сенімділікті нығайта түсті. Елдің егемендігі мен саяси тәуелсіздігіне сызат түсірмей бірың­ғай экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған бұл батыл қадам одаққа қатысушы қай-қай елге де тиімді екені сөзсіз. Қазір іргеңді тас қып бекітіп отыратын уақыт емес. Төрткүл дүниеге қарап отырсаң алыс-беріс, барыс-келіс жасамаған елдерді көрмейсің, олай болса, бүгінгідей жаһандану заманында интеграциялық үрдістерге иек артудың еш әбестігі жоқ. Оның үстіне одаққа қатысушы елдерде экономикалық байланыстардың бұрыннан қалыптасқан дағдысы бар. Еуразиялық одақ бізге өнімдерімізді бәсекеге қабілетті ете отырып, іргелес жатқан өңірлерге шығаруға жаңа жол ашып отыр. Біз осыны өз кәдемізге жарата білуіміз керек, әрине. «Ситаль-2» ЖШС-нің кірпіш зауыты еліміздің батыс аймағында керамикалық кірпіш және тас бұйымдарын шығаратын бірден-бір ірі кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 20 миллион дана шартты кірпіш шығаруға мүмкіндік береді. Зауытта керамикалық кірпіш пен тас бұйымдарының 40-тан астам түрі шығарылады. Біздің керамикалық кірпіштерімізге өз өңірімізді былай қойғанда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан сұраныс жоғары. Бұдан басқа көршілес Ресейдің Орынбор облысына да өткіземіз. Бұған дейін оларға өз өніміміздің 10 пайызын өткізіп келсек, Еуразиялық экономикалық одақ туралы  шарт күшіне енгеннен кейін бұл көлем бұрынғыдан да арта түсетініне сенімдіміз. Оның үстіне біздің кірпіштеріміздің жылу ұстағыштық, ылғалға беріктік, дыбыс пен суық өткізбейтін қасиеттері жоғары. Бізге 1 мың шақырымнан қашық жерлерге өнімдерімізді өткізу тиімсіз. Сондықтан болашақта көршілес Ресейдің Оңтүстік Уралға жататын өңірлерін де керамикалық кірпішпен қамтамасыз етудің жолдары қарастырылуда. Өзара әріптестік алға бастайтынын өмір­дің өзі көрсетіп отыр. Орынборда, Тұзтөбе­де өткен өнеркәсіптік көрмелерге ұда­йы қатысып, өз өнімдерімізді тұты­ну­шыларға таныстырып жүрміз. Ақтөбе қаласында өткен «Еуропа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» халық­аралық өнеркәсіптік көрмесінде біздің өнімдерімізге сұраныстың жоғары екені байқалды. Осы көрме енді Орынбор қала­­сында өтеді. Біз осы мүмкіндікті пай­­да­ланып, өздеріміздің өнімдерімізді жар­­н­а­малайтын боламыз. Ресейдің Оң­түс­­тік Урал өңірінің облыстарынан жаңа әріп­тестер табуға тырысамыз. Себе­­бі, оларда бізбен бәсекелесетіндей кәсіп­орын­дар жоқ. Әрі біз керамикалық кір­піш­терге бағаны көтерген жоқпыз, салыс­тыр­малы түрде басқаларға қарағанда арзан. 2010 жылы Мәскеудің «ВНИСТРОМ» керамика ғылы­ми-зерттеу институтының көмегімен қондырғыны жаңғырттық. Бұл өнім сапасын жақсартуға негіз қалап отыр. Еура­зиялық экономикалық одақтың шекаралас аймақтармен әріптестік қаты­нас­тарды нығайтатыны сөзсіз. Бұған біз де өз деңгейімізде атсалысатын боламыз. Жалпы, алыс-жақын әріптестермен интеграциялық үндесу ілгерілеуге алғышарт жасайды деп ойлаймын. Наталья КУРОЧКИНА, «Ситаль- 2» ЖШС бас технологы. Ақтөбе облысы.
Соңғы жаңалықтар