• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Елорда 24 Мамыр, 2023

Бас қаланы айшықтайтын байқау

324 рет
көрсетілді

Астана күніне орай авторлар арасында үздік жарияланымдар, репортаждар, БАҚ және әлеуметтік желілердегі Астананың дамуы туралы сюжеттер байқауы жарияланды.

Байқауға қатысуға барлық журналистер шақырылады. Байқауды Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қол­дауымен қалалық Ком­му­ни­кациялар қызметі ұйым­дас­тырады.

Астана туралы 2022 жылдың 1 маусымынан 2023 жылдың 16 маусымына дейінгі кезеңде жарияланған, эфирге шыққан мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі материалдар қабыл­данады. Бір қатысушы кон­курс­қа бір материалдан артық емес және тек бір аталым бойынша ұсына алады.

Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі: «Үздік жур­налист-сарапшы» – елорда туралы баспа басылымдарында жарық көрген сараптамалық материалдар; «Үздік шолушы» – Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы интернет-басылымдардағы материалдар; «Үздік радиорепор­таж» – Астанаға арналған ра­дио­сюжеттер; «Үздік телесю­жет» – қала өмірі туралы телесюжеттер; «Үздік мобилограф» – мегаполис өмірі туралы бейнероликтер; «Үздік фоторепортаж» – Астана туралы фотосуреттер; «Әлеуметтік желідегі Астананың 25 жылдығы туралы үздік материал» арнайы ата­лымы әлеуметтік желідегі үздік материалдарды анықтауға ба­ғытталған. Әлеуметтік же­лілердегі (Facebook, Instagram және TikTok) танымал топтар мен пабликтер қатысуға өтініш бере алады.

Аталымдар бойынша жеңім­паздарды белгілі журналис­терден, медиа-сарапшылардан және елордадағы осы сала­ның құрметті өкілдерінен құрал­ған кон­курстық комиссия айқын­дай­ды.

Ең үздік жұмыс ақшалай сертификаттармен ынталандырылады. Бірінші орын үшін 1 миллион теңге, екінші орын үшін 500 мың теңге, үшінші орын үшін 300 мың теңге.

Өтінімдер 2023 жылдың 16 маусымына дейін мына элек­трондық пошта арқылы қабыл­данады:sluzhbakommunikatsiy@mail.ru.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: 8 (702) 407-52-82. Байқаудың толық ережесімен елорда әкімдігінің ресми сайтынан танысуға болады.