• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Мамыр, 2023

Жарыс қыза түсті

275 рет
көрсетілді

Үстел теннисінен Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) Дурбан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты қыза түсті.

Жарыстың екінші және үшінші күндері мынадай нәтижелер тіркелді: Кирилл Гера­сименко/Алан Құрманғалиев – Әли Альхадрави/Абдулазиз Бу Шулайби (Сауд Арабиясы) 3:1, Айдос Кенжеғұлов/Зәуреш Ақашева – Тео Когил/Зодва Мафанга (ОАР) 3:0, Сарвиноз Мірқадырова – Анна Вегржин (Польша) 1:4, Анастасия Лаврова – Камилла Лутц (Франция) 0:4, Зәуреш Ақашева – Мима Ито (Жапония) 0:4, Зәуреш Ақашева/Анастасия Лаврова – Аннетт Кауфманн/Сабина Винтер (Германия) 1:3, Денис Жолудев/Сағынтай Құрмамбаев – Хармит Десай/Мануш Утпалбхай Шах (Үндістан) 0:3, Кирилл Герасименко/Анастасия Ла­врова – Трулс Морегард/Кристина Калл­берг (Швеция) 0:3, Айдос Кенжеғұлов/Зәу­­реш Ақашева – Лим Джонхун/Шин Юбин (Оңтүстік Корея) 0:3 және Кирилл Герасименко/Алан Құрманғалиев – Фан Жендонг/Ван Чуцин (Қытай) 0:3.

Жекелеген сайыстың 1/32 финалында еліміздің бірінші ракеткасы Кирилл Гераси­менко Африканың жеті дүркін чемпионы, мысырлық Омар Ассармен шеберлік байқасады.