• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әскер 25 Мамыр, 2023

Әскерилер де аналар кеңесіне зәру

239 рет
көрсетілді

Әскерде өз ісіне адал офицер неғұрлым көп болса, олардың мәртебесі со­ғұр­лым жоғары болмақ. Бұл туралы Жаркент қала­сындағы 74261 әскери бө­ліміне барғаннан кейін «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің Ал­маты қаласы мен Алма­ты облысы бойынша өкі­­лі Татьяна Тропина әлеу­­меттік желіге жазба қал­дырды.

Қоғамдық ұйымның өкілі әскери бөлімнің медициналық бөлімшесіне ат басын тіреген болатын. Мұнда ол әскери өмір тазалығын, жайлылықты және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті материалдар мен дәрі-дәрмек­тердің базалық жиынтығының бар екенін атап өтті. Әскери тәртіп шатырлы қалашықта да, әскерге шақырылғандарға арналған казармада да бір­ден көзге түседі. Жөндеу жұмыс­тарына байланысты мұнда қазіргі уақытта алты ай қызмет еткен сарбаздар орналастырылған.

Қоғамдық инспектор әскери қызметшілердің денсаулығы жақсы, әскери өмір салты ұнайтынын және олардың арасында келісімшарт бойынша қызмет етуді қалайтындар да бар екеніне көз жеткізді. Қазіргі әскерге келгендер негізінен Шымкенттен шақырылған жас­тар. Жігіттер қазірдің өзінде әскери өмірге үйреніп, осы бөлімге келгеніне дән риза. Демалыс күні олар театр, музей секілді қоғамдық орындарға барып, көңіл сергітіп тұрады.

Татьяна Тропина бұл жердегі сарбаздарға жасалған жағдайды асханадағы мәзір мен тағам сапасынан-ақ білуге болатынын атап өтті. Тамақтану жағына «Bouk ABL» серіктестігі жауапты. Рейдтің бастамашысы сарбаздар асханасына барып, түскі асқа дайындалған тағам­дардың дәмін татып көрді. Бірін­ші асқа – қаймақ қосылған борщ, екіншіге – ет тұздығы қосылған пюре, тәтті шай, шие шырыны, алма және нан берілді. Татьяна Тро­пина атап өткендей, түскі ас дәмді, толтыра салынған тамақ­тар мен оның калория мөлшері жауынгерлердің дене дайындық белсенділігіне сәйкес келеді.

– Жалпы, осы әскери бөлімге барғаныма қуаныштымын. Офи­церлерге, сержанттар құ­ра­­мы­на және сарбаздар­ды та­мақтан­дыруды ұйымдас­ты­ру­­шыларға шағым жоқ. Бұл бөлім командирі майор Ернат Төлеуғұлов пен оның орынбасары подполковник Нұр­лан Дүйсебаевтың іске жауап­кершілікпен қарауының нәти­жесі деп санаймын, – деді ол.

Сарбаз аналары комитетінің өкілі демалыс күні өз бастамасымен, алдын ала келісімсіз әскери бөлімге барғанын айта кеткен жөн. Сондықтан медициналық қызмет көрсету, тұрмыстық жағдайлар, бос уақытты ұйым­дастыру және әскери бөлімдегі тамақтану сапасы туралы тұ­жырымдар мерзімді қызмет сарбаздарының демалыс күнгі тәртібіне негізделген.