• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 26 Мамыр, 2023

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

481 рет
көрсетілді

Синоптиктер 27-29 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Ауа райы болжамына сәйкес, шығыс пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, тек республиканың солтүстік-батысында және оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді, еліміздің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Қазақстанда күнзідгі ауа температурасы: 

батыс өңірлерде +32+37°С дейін; солтүстік-батыста +30+35°С дейін; солтүстікте +20+30°С дейін; орталықта +20+28°С дейін; оңтүстікте +30+38°С дейін ыстық болады; оңтүстік-шығыста ауа температурасы +20+25°С-қа дейін, таулы аймақтарда +10+15°С дейін сәл төмендейді; шығыста негізгі фон +23+28°C.