28 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 8:00-де (Астана уақыты бойынша 11:00) Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
60 миллион 721 мың 745 сайлаушыға 191 мыңнан астам жәшік орнатылды. Жалпыұлттық дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де басталып, 17:00-де аяқталады.
Сайлаушылар Халық Одағы президенттігіне үміткер Режеп Тайып Ердоған мен Ұлттар альянсының кандидаты Кемал Кылычдароглу арасында таңдау жасайды.14 мамырда президент сайлауының бірінші кезеңі өтті. Ол кезде дауыс санау нәтижесі бойынша бірде-бір кандидат 50% дауыс жинай алмады. Қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған 49,5% дауыс жинады, оның сайлаудағы басты бәсекелесі Кемал Кылычдароглу 45%-дан аз дауыс жинаған еді.