• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Шахмат 28 Мамыр, 2023

Асаубаева – алтыншы орында

305 рет
көрсетілді

Кипрдің бас шаһары – Никосияда ұйымдастырылған шахматтан әйел­дер ара­сындағы ФИДЕ Гран-при жары­сының төртінші кезеңі өз мәре­сіне жетті. Бұл сында 24 жастағы герма­ниялық гроссмейстер Динара Вагнер жеңіске жетті.

Осыдан бір ай бұрын ғана Үндістанда өткен Гран-придің үшінші кезеңінде үздік­тер қата­рынан көрініп, күміс жүлдеге ие болған Бибісара Асаубаева Кипрдегі жарыстың ше­шуші кезеңінде алтыншы орынға тұрақта­ды. Отандасымыз 11 турда 5,5 ұпай жинап, үшінші кезеңде жеңімпаз атанған ресейлік Александра Горячкинамен, сонымен қатар грузиялық гроссмейстер Нана Дзагнидзе және әзербайжандық халықаралық шахмат шебері Гюнай Мамедзадемен алтыншы орынды өз­ара бөлісті. Ал 11 матчта 7 ұпай жинаған Дина­ра Вагнер Кипрдегі Гран-придің жеңімпа­зы атанса, Вагнерден жарты ұпайға қалып қойған ресейлік Полина Шувалова, қытайлық Тань Чжунъи және үндістандық Харика Дронавалли кейінгі орындарға ие болды.

Осылайша, әйелдер арасындағы Гран-при жарыстарының қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған ресейлік шахматшылар Екатерина Лагно мен Александра Горячкина келесі жылы Канаданың Торонто қаласында өтетін үміткерлер турниріне жолдама алды.