Болгарияның Варна қаласында өткен спорттық гимнастикадан «Challenge Cup» санатындағы Әлем кубогінің алғашқы кезеңінде отандасымыз Эмиль Ахмеджанов қола жүлдегер атанды.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Ахмеджанов еркін жаттығуда 13,800 ұпай жинап, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл сайыста болгариялық гимнаст Эдди Пеневтің (14,366 ұпай) бағы жанса, күміс жүлде мажарстандық Ботонд Молнарға (13,833 балл) бұйырды. Ал Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, былтырғы әлем чемпионатының жеңімпазы Артур Давтян жүлдесіз қалып, 6-сатыдан көрінді.
Жалпы, бұл жарыста 24 елден 150 спортшы бақ сынаған болатын. Әлем кубогінің келесі кезеңі 1-4 маусым күндері Израильде өтеді.