Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Президент өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды аралап көреді», делінген хабарламада.
Сондай-ақ Президент 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2 маусымда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.