• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Мамыр, 2023

Елімізде қанша шипажай бар?

415 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы демалыс маусымы қарсаңында Қазақстан шипажайлары туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022 жылдың соңында ел аумағында 172 санаторлы-курорттық мекеме болды, оның ішінде 109 – санаторий, 27 – оңалту орталығы, 9 – профилакторий, 7 – мамандандырылған және басқа да санаторийлер.

Сауықтыру нысандарының 127-сі жеке бизнеске, 42-сі мемлекетке тиесілі. Шетелдік меншікте 3 нысан бар.

Шипажайлардың 66-сы қала аумағында болса, 106-сы ауылдық жерде орналасқан.

Курортты ұйымдардың саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 72 мекеме жұмыс істейді. Одан әрі Ақмола облысы – 13, Алматы қаласы мен Қызылорда облысында әрқайсысында 11 демалыс орнынан бар.

Өткен жылы шипажайларда 380 мың адам сауықса, оның 60%-ын әйелдер құрады.