30 мамыр күні сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күн тәртібінде азаматтық авиацияны дамыту, АИТВ инфекциясының алдын алу мен емдеудің кешенді шаралары қаралады.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен көре аласыздар. Сондай-ақ онлайн-трансляция UKIMET Telegram-каналында жүреді.