Астанада 16-18 маусым аралығында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жарыс «жекпе-жек» және «өзін-өзі қорғау» бойынша өтеді. Әлем чемпионатына 30 елден 300-ден астам спортшы қатысады: Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Гана, Германия, Үндістан, Иордания, Иран, Қырғызстан, Румыния, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Венесуэла, Қытай, Колумбия, Италия, Испания, Перу, АҚШ, Сенегал, Таиланд, Чехия, Польша, Молдова, Моңғолия, Қазақстан.Дүбірлі дода Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.