• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 29 Мамыр, 2023

Путин Тоқаевқа беріп жіберген хатта не жазылғаны белгілі болды

261 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай 25 мамырда Мәскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында Владимир Путиннің Қасым-Жомарт Тоқаевқа беріп жіберген қағазында не жазылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Руслан Желдібай Zakon.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, бұл қағазда Ресей тарапының ЕАЭО көшбасшыларының шағын құрамдағы кездесуінде қойылған сұраққа жауабы жазылған.

«Қағазда жүк жөнелтуші қазақ компанияларының Ресей темір жолында ішкі тариф бойынша тауар тасымалдау мүмкіндігі туралы жазылған. Ресей Үкіметі Қазақстан аумағында межелі пункті бар тауарлардың жеңілдікті тарифті пайдалана алатынын атап өткен, алайда Ресей аумағында транзитпен жүретін тауарларға экспорттық тариф қолданылуы тиіс деп есептейді», дейді Руслан Желдібай.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев ел Үкіметіне осы мәселе бойынша 2015 жылғы ЕАЭО құру туралы шарт қағидаттары негізінде Ресей тарапымен келіссөзді жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы 25 мамырда Мәскеудегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысқан еді.