• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Мамыр, 2023

Жалған ақпарат таратқан блогерлер жауапқа тартылады

692 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев блогерлердің мәртебесін айқындау жөнінде депутаттық сауал жолдап мәселе көтерген болатын. Депутат блогерлердің жалған ақпарат тарату арқылы қоғамға қауіп төндіретінін айтқан. Бас прокурор Мәжіліс депутаты Анас Баққожаевтың сауалына ресми жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аталған заң жобасында инфлюенсер (блогер) – айқындалмаған тұлғалар тобына арналған, сондай-ақ өз мақсаттары мен өзге де қоғамдық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. Соның ішінде қоғамда жекелеген пікірлерді қалыптастыруға ықпалы бар ақпаратты онлайн-платформаларда тарататын адам ұғымы енгізілуде. Жалған ақпараттың таралу фактілері кең тарала бастағанын ескере отырып, егер бұл əрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-əрекет белгілері болмаса, айыппұл түріндегі санкцияны айқындай отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін əкімшілік жауаптылықты белгілеу жоспарлануда», деп жауап берді Бас прокурор Берік Асылов.

Ресми жауаптағы ақпаратқа сәйкес, аталған факт бойынша 4 айдың ішінде ішкі істер органы 274-бабы бойынша 29 сотқа дейінгі істі тіркеген. Оның біреуі сотқа жіберілсе, 8 іс тоқтатылып, тағы 8 іс аяқталмаған, ал 12 іс тергеп-тексеріліп жатыр.