• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қаржы 30 Мамыр, 2023

Алматы әуежайының жаңа терминалына қанша қаражат кетеді?

260 рет
көрсетілді

ҚР Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Алматы әуежайындағы жаңа терминал құрылысына қанша қаражат кететінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, қазір төрт жобаның құрылысы жүріп жатыр.

«Атап айтқанда, Алматы әуежайында 200 миллион доллардан астам қаржыға жаңа халықаралық терминалдың құрылысы жүріп жатыр. Алдағы жазда пайдалануға беріледі деп жоспарланып жатыр. Жалпы орындалған жұмыс көлемі 60 пайызды құрайды», деді Талғат Ластаев.

Сонымен қатар, жеке инвестиция есебінен Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы жалғасып жатыр, ал Қостанай әуежайы терминалын үкімет резерві есебінен телескопиялық баспалдақ орнатумен және келу залының құрылысымен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын және такси жолын, Балқаш әуежайының перронын қайта жаңарту мәселесі пысықталып жатыр.