• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Маусым, 2023

Түркия Президенті жаңа министрлерді тағайындады

287 рет
көрсетілді

3 маусым күні Түркия Президенті ұлықталды. Режеп Тайип Ердоған мемлекет басшысы болып тағайындалған соң жаңа министрлерді тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денсаулық сақтау министрі Фахреддин Хожа мен Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой өз қызметінде қалды. 

Ұлттық барлаудың бұрынғы басшысы Хакан Фидан Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Қорғаныс ведомствосының басшысы қызметіне ҚК Бас штабының бұрынғы бастығы Яшар Гүлер тағайындалды.

Қаржы министрі лауазымын Мехмет Шимшек атқарады.

Әділет министрлігін Йылмаз Тунч басқарады.

Стамбулдың бұрынғы губернаторы Әли Ерликая ІІМ басшысы болып тағайындалды.

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Альпарслан Байрактар болды.

Қоршаған ортаны қорғау министрі қызметіне Мехмет Ожасеки тағайындалды.

Сондай-ақ Режеп Тайип Ердоған жаңа кабинеттің алғашқы отырысы 6 маусым күні өтетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 3 маусымда 69 жастағы Режеп Тайип Ердоған ресми түрде Мемлекет басшысы қызметіне кірісті.

Ұлықтау рәсіміне 98 делегация өкілдері қатысты. Түркия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатқа арнайы шақырды.

Режеп Тайип Ердоғанның өкілеттік мерзімі 2028 жылға дейін жалғасады.