• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Маусым, 2023

Астанада рәміздер күніне орай автошеру өтті

353 рет
көрсетілді

Елордада мемлекеттік рәміздер күніне орай автоволонтерлер мен Lada granta club, JDM generations, W202, Cerato club, Camry family, Skoda club, Drive club секілді өзге де автоклуб өкілдерінің қолдауымен автошеру өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Автошеруді Астананың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және «Астана жастары» ЖРО ұйымдастырды.

Қала әкімдігі іс-шараның мақсаты - тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау, Отанға, елдің мемлекеттік рәміздеріне деген патриотизм мен сүйіспеншілік сезімін арттыру екенін айтты.

Іс-шараға автоспорт федерациясының президенті Анатолий Бондарь қатысып, мерекемен құттықтады.

«Біз үшін бұл ауқымы жағынан да, маңызы жағынан да ерекше мереке. Түрлі клубтардан жиналған автокөлік әуесқойлары еліміздің туын қала ішінде алып жүру үшін жиналады. Бұл біздің азаматтарды шабыттандырудың және оларға мерекелік көңіл-күй сыйлаудың ерекше тәсілі, өйткені осы тақырыпқа арналған автошерулер ылғи да әсерлі өтеді», деді Анатолий Бондарь.

Қазақстанның мемлекеттік туы бар 50-ге жуық машина Мемлекеттік рәміздер алаңынан ЭКСПО аумағы арқылы, Абылай хан даңғылымен Отан қорғаушылар алаңына дейін жүріп өтті.

«Мұндай автошерулерге біздің клуб бірнеше жылдан бері қатысып келеді. Біз ылғи да қаладағы әртүрлі мәдени іс-шараларды қолдаймыз. Мемлекеттік рәміздер күні - бұл өте маңызды, ерекше шабыт беретін мереке, сондықтан бұл күндіі ерекше түрде өткізетінімізге қуанамыз. Мемлекеттік туы бар автошерулер - жылдағы менің сүйікті іс-шараларымның бірі»,  деді Lada Granta Astana автоклубының өкілі Вера Колодий.