• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экология 05 Маусым, 2023

5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

1985 рет
көрсетілді

1972 жылы Біріккен Ұлтар Ұйымы экология мәселесіне адамзат назарын аудару үшін 5 маусымды Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні деп белгіледі. Оқырман назарына «Egemen Qazaqstan» газетінің 5 маусымдағы №104 (30583) санында жарық көрген «Пластмассаға көмілген әлем» мақаласынан алынған деректерді ұсынамыз.

Жыл сайын әлемде 400 миллион тонна пластик қоқыс шығарылады. 400 миллион тонна қоқыстың жартысына жуығы – сусын құтысы, қаптама секілді бір реттік пайдаланылатын пластмасса өнімдер. Пластик қалдықтың тек он пайызы ғана қайта өңделеді. Жыл сайын 23 миллион тонна пластмасса өзендерге, көлдерге, теңіздер мен мұхиттарға ағып кетеді. 2050 жылға қарай пластик өнім тұтыну көлемі екі есеге артады. Әлемде орташа есеппен тәулігіне жан басына шаққанда 0,74 килограмм қоқыс тасталады. Қазақстанда жылына орта есеппен 5 миллион тонна тұрмыстық қалдық шығады.