• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Тағайындау 05 Маусым, 2023

Атырау облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасына басшы тағайындалды

7838 рет
көрсетілді

Атырау облысы әкімінің өкімімен бұл лауазымды атқару Нариман Биғалиға жүктелді. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев жаңа басшыны ұжымға таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нариман Биғали үш жоғары білім алған. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «тарих», Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «құқық», Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» мамандығымен бітірген.

Маңғыстау, Атырау облыстарында жұмыс істеген. 2011 – 2014 жылдар аралығында Атырау және Маңғыстау облысы бойынша Каспий өңіраралық көлік инспекциясының автомобиль көлігі бөлімінің бас маманы, 2014 – 2018 жылдары «Нуркапстройгаз» ЖШС директоры болған.

Ал, 2018 – 2020 жылдар аралығында Атырау облыстық құрылыс басқармасының бас маманы, 2020 – 2021 жылдары Индер аудандық құрылыс бөлімінің басшысы, 2021 – 2022 жылдары Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымында тәжірибе жинаған.

Осы тағайындауға дейін Махамбет ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.