• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 06 Маусым, 2023

«Дипломат» қонақүйіне қатысты Арыстанбек Мұхамедиұлын тергеу аяқталды

3309 рет
көрсетілді

Экс-министр, Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты іс бойынша жала жабу фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталуы мүмкін. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде бұрынғы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлына қатысты сот процесінен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін «Дипломат» қонақүйін үшінші тұлғаларға қайта жазуға және 111 млн теңге сомасында залалды өтеуге мәжбүрлеу туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.

Мұхамедиұлына 221 млн теңге жымқырды деген айып тағылып, оның қатысы жиналған дәлелдемелермен расталып, іс-әрекеттердің біліктілігі прокуратура органдарымен келісілді. Оның әрекеттеріне қорытынды бағаны сот береді», деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар тергеу барысында жауапкершілікті жеңілдету мақсатында ол мемлекет кірісіне айналдырылған 111 млн теңге сомасындағы залал ішінара өтелді.

«Қазіргі уақытта «Дипломат» қонақүйін рейдерлік басып алды деген күдікті Мұхамедиұлының өзіне қатысты қосымша эпизод бойынша тергеу аяқталды. Осыған байланысты, Мұхамедиұлы сотталушыларына аталған мән-жайлар бойынша сот пен жұртшылықты адастыру жолымен жауапкершіліктен жалтару мақсатында жалған ақпарат берілді. Жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселе шешіліп жатыр», делінген агенттіктің ақпаратында.

Сондай-ақ Антикор азаматтардан ресми дереккөздердің объективті деректеріне ғана сенуді сұрады.