• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Маусым, 2023

«Оқуды 5-ке бітірдім»: Әкесінің қабіріне барған бала жұрттың жүрегін елжіретті

902 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде мектептен шыға сала әкесінің қабіріне барып, оқудағы жетістігін айтып берген баланың видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейнежазбада әкесінің қабіріне барып, сағынышын білдірген баланы көруге болады. Мектеп оқушысы мақтау қағазын көрсетіп, әкесіне оқуды 5-ке бітіргенін айтқан. Бұл туралы Elorda.info хабар таратты.

«Папа, ассалаумағалейкум. Мынаны қарашы, сабақты беске бітірдім. Енді 3-сыныпқа барамын», дейді бала.

Бейнежазбаға қатысты пікір білдірген желі пайдаланушылары көзіне еріксіз жас алып, жүректері елжірегенін жазған.