Премьер-министр Әлихан Смайылов ЕАЭО және ТМД аясында өтетін бірқатар іс-шараға қатысу үшін жұмыс сапарымен Сочи қаласына барды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында қатысушы елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын, көлік инфрақұрылымын дамыту, теміржолдағы жүк тасымалдарын цифрландыру, ЕАЭО шеңберінде климаттық және цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы барысында Достастықтағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша талқылау өтеді. Сонымен қатар өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және ынтымақтастықтың бірқатар өзекті бағыты бойынша бірлескен шараларды іске асыру мәселелерін қарау жоспарланған.
Сондай-ақ жұмыс сапары шеңберінде Әлихан Смайылов бірқатар кездесуге қатысатыны қоса хабарланды.