• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Маусым, 2023

«АрселорМиттал Теміртау» цехында өрт болды

204 рет
көрсетілді

Бүгін, 7 маусымда сағат 16:50-де «АрселорМиттал Теміртау» цехында оқыс оқиға болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Компанияның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, №3 домна пешінің үрлеу қондырғысы аймағында жанып жатқан кокс сыртқа лап етіп шыққан.

«Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметі жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр», делінген хабарламада.

Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, өрт сағат 18:07-де толық сөндірілді. Жақын арада №3 домна пешін қайта іске қосу жоспарланып отыр.