• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Президент 08 Маусым, 2023

Президент Астана халықаралық форумының негізгі миссиясын атады

240 рет
көрсетілді

Астанада Президенттің қатысуымен халықаралық форум басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл форумның негізгі миссиясына тоқталып, оның маңызын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Астана халықаралық форумының негізгі миссиясын атады:

Бірінші, әлемдегі жағдайды ашық талқылау;

Екінші, алдымызда тұрған негізгі сын-қатерлер мен дағдарысты айқындау;

Үшінші, осы сын-қатерлерге өзара ынтымақтастық рухында диалог арқылы қарсы тұру;

Төртінші, көпжақты қатынастардың ортақ мәдениетін жаңарту және қалпына келтіру;

Бесінші, бейбітшілікті, прогресс пен ынтымақты жақтайтын дауыстарды күшейту.

«Бұл форум өзара белсенді ынтымақтастыққа тікелей ықпал етеді. Әсіресе бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс кезеңінде бізге мұндай қарым-қатынастар өте қажет. Сын-қатерлерге төтеп беру маңызды. Осы ретте жаһандық жүйе бейбітшілік пен өркендеуді таңдаулылар үшін емес, көпшілік үшін қамтамасыз ете отырып жұмыс істеуге тиіс», деді Мемлекет басшысы.