• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Президент 08 Маусым, 2023

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

177 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында елімізде энергетика, көлік-транзиттік тасымал, «жасыл» экономика, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны іске асыру перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы қызметінің перспективалары мен алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттары жөнінде пікір алмасты.