Жамбыл облысының Луговой ауылында полиция қызметкері жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, қызметкер жауапкершілікке тартылды.
«Жаяу жүргіншінің сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартуына байланысты полиция қызметкері ҚР ӘҚБтК-нің 1-бөлігінің 600-бабы бойынша жауапқа тартылды», деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкеріне он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Еске сала кетсек, 5 маусым күні Алматыда полиция қызметкері әріптесінің қолынан абайсызда көз жұмған.