• RUB:
    5
  • USD:
    442.84
  • EUR:
    480.97
Басты сайтқа өту
Ауа райы 10 Маусым, 2023

Қай өңірлерде өрт қаупі өршіп тұр?

221 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 11 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болатынын хабарлады. Синоптиктер өрт қаупі еліміздің барлық аймақтарында сақталатынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде күн қатты ысиды деп болжанады.

9 өңірде төтенше өрт қаупі сақталып отыр:

Түркістан қаласында, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Абай, Ақмола, Жетісу облыстарында.

Облыстардың жекелеген учаскелерінде төтенше өрт қаупі жоғары екені байқалады:

- Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде;

- Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында;

- Ұлытау облысының орталығында,  Қарағанды өңірінің оңтүстігінде;

- Қостанай облысының оңтүстік жартысында;

- Павлодар облысының солтүстігінде.

- Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.