Қызылорда облысындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұлутөбе ауласының маңында екі көлік соқтығысты. Апат салдарынан үш адам қайтыс болып, екеуі ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.
«Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.