Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинді және Ресей халқын ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жеделхатында Ресей халқына амандық тілеп, екі ел халықтарының игілігі мен мүддесі жолындағы ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді.