• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Маусым, 2023

Ұмытылмас «Ұлытау үні»

569 рет
көрсетілді

Сексенінші жылдардан бастау алған «Ұлытау үні» фестивалінің басты мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу. Өнер додасы биыл 31-мәрте жалауын желбіретті.

Фестиваль аясында күй атасы Құрманғазының 205, Ақан серінің 180, Әнуарбек Байжан­баевтың 100 жылдығына ар­­налған күйшілер мен ән­шілер байқауы, көркемсөз оқу сайысы өтті. Сонымен қатар жыр­шы-термешілер Шын­бо­лат Ділдебаев атындағы байқауда бақ сынады.

Күй тартыста бас жүлде жез­қазғандық Бекзада Достия­роваға бұйырды. Дәстүрлі ән орындаушылары арасында елордалық Сәкен Әлімхан озық шықты. Көркемсөз оқуда бас жүлдеге жез­қазғандық Серік Әлен ие болып, жыр-терме орындауда Күнсұлу Түрік­пеннің бәсі жо­ғары болды.

Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған «Азат­тық» деп алысқан арыс­тарым!» атты республикалық айтыс екі күнге созылды. Сөз барым­тасында бас жүлдені қос­танайлық Айбек Қалиев жеңіп алды. Осы орайда Қостанай облысы Амангелді ауданының және «Аман­гелді Иман» қоғамдық қоры өкілдерінің айтысқа арнайы келіп, сый-сияпаттарын жасауы іс-шараның мазмұнын арттыра түсті.

Бұдан бөлек, фестиваль қо­нақтары белгілі бард-әнші Қорабай Есеновтің, ақын Бағдат Байжантаевтың шы­ғар­машылық кештерін тамашалады.

 

Жезқазған