13 маусым күні әнші Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаев 82 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде марқұмның жаназасы шығарылып, жақындары мен туған-туыстары оны ақтық сапарға шығарып салды. Жаназа рәсіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.