• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Маусым, 2023

Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру қашан аяқталады?

304 рет
көрсетілді

Елімізде шетелдік көліктерді заңдастырудың аяқталуына екі апта қалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Биылғы жылдың 23 қаңтарынан бастап елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру жүріп жатыр. 16 маусымдағы жағдай бойынша 161 мыңнан астам көлік заңдастырылды, тағы 13 мыңнан астамы тіркеуді күтіп тұр. Сондай-ақ 22 мамырдан бастап 7 мыңға жуық автокөлік-конструктор қазақстандық есепке қойылды.«Өздеріңіз білесіздер, заңдастырудың аяқталуына екі апта қалды (яғни, 1 шілдеге дейін). Қазір көптеген азаматтар көліктерін заңдастыруға үлгермей қалуы мүмкін деп қауіптенеді. Дегенмен мен мынаны айтқым келеді. Биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін өтініш берген барлық Қазақстан азаматтарына көрсетілген мерзімнен кейін автокөліктерді заңдастыру құқығы берілетінін хабарлаймыз», деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған және осы себепті заңдастырылмаған автокөліктерге келетін болсақ, аталған көлік иелеріне оларды Қазақстан Республикасында 5 жыл мерзімге уақытша есепке қою құқығы беріледі.«Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап заңдастыруға өтініштерді қабылдау тоқтатылады. Заңдастыру мерзімі ұзартылмайтынын естеріңізге саламыз. Ал, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелде тіркелген автокөліктерді басқаруды жалғастыратын азаматтар болса, оларға қатысты тиісті шаралар қолданылады», деді Қ.Сұлтанбаев.