Уганданың батысында Мпондве қаласындағы мектепке Демократиялық күштер альянсы (ADF) содырлары шабуыл жасады. Білім ошағының ғимаратынан 37 оқушының мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Daily Monitor басылымының хабарлауынша, тағы 6 оқушыны ұрлап кеткен.
Уганданың халықтық күштері елдің батысындағы Касесе ауданында орта мектепке шабуыл жасағандар бірнеше оқушыны өлтіріп, кейін тағы бірнешеуін ұрлап кеткенін хабарлады.
Елдің Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Феликс Кулаигиенің айтуынша, шабуыл кезінде мектепте 62 оқушы болған.
Демократиялық күштер альянсы 1995 жылы Уганданың батысындағы мұсылман сектасынан «Ислам мемлекетінің» бөлімшесі ретінде құрылған. 2003 жылы содырлар Конго Демократиялық Республикасының шығыс аймақтарына шегінді.