• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Маусым, 2023

Маңғыстау облысында жол апатынан он адам қаза тапты

461 рет
көрсетілді

Жаңаөзен-Кендірлі тасжолында жол апаты болып, 10 адам қаза тапты. Оның 5-еуі кәмелетке толмаған балалар еді, деп хабарлайды Egemen.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«16 маусым күні кешкі тоғыз жарымдар шамасында Жаңаөзен-Кендірлі тасжолында ірі жол-көлік оқиғасы болып,  10 адам қаза тапты. Оның 5-еуі кәмелетке толмағандар. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, ескертеміз! Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі – көліктің қарсы бағытқа шығып кетуі. Сонымен қатар жыл басынан бері жолдарда жануарлардың қатысуымен 3 жол-көлік оқиғасы болып, 2 адам қаза тапты, 2 адам зардап шекті», деді Маңғыстау облысы ПД басшысы.

Оның айтуынша, жыл басынан бері облыста 164 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 32 адам қаза тауып, 185-і жарақат алған.

«Toyota көлігінде 8 адам болған. Егер барлық ереже сақталып, жүргізуші мен жолаушылар қауіпсіздік белдігін тағып, балалар орындықтарын пайдаланса, сондай-ақ көлікте тек 4 адам ғана болса, апат болған жағдайда адам өмірі мен денсаулығына қатты қауіп төнбес еді.

Ал, Duster көлігінің жүргізушісіне қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін бір ай бұрын ескерту жасалып, айыппұл салынған.

Осыған орай, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтап, өз өмірлеріңіз бен балаларыңыздың өміріне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын», деді облыс тұрғындарына полиция генерал-майоры Аян Дүйсембаев.